2015 жылғы 7 тамыз, Астана, Үкімет Үйі
«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы №683 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 323-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесінде:
6-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2015 жылғы 7 тамыздағы №617 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі уәкілетті органның, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының кінәсінен уақытылы не толық алынбаған әлеуметтік төлемдер сомаларын төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 22 шілдедегі №787 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 367-құжат).
2. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1307 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 603-құжат).
3. «Салымшылардың (алушылардың) іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларына инфляция деңгейін ескере отырып мониторинг жүргізудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1351 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1351 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 375 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1307 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 тамыздағы №1272 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 36, 354-құжат).
6. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу, қайта есептеу (айқындау) және арттыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №562 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 528-құжат).
7. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу және арттыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 201-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №18 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 2, 9-құжат).